
15 желтоқсанда "Алтын ғасыр" галереясында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Владимир Фатьяновтың жеке көрмесі ашылады. " Желдің жеңілдігі... Жер қыртысы... " экспозициясында 40-тан астам ескі және жаңа жұмыстар ұсынылатын болады.

Табиғат, құстар, шабандоздар-көрменің негізгі тақырыптарының бірі. Арасында қала бейнесі де болады.

– Бұл картиналардың 85 пайызы 2023 жылғы. Төрт кенепте көкпар бейнеленген. Мен 20 жылдан астам уақыт осы ұлттық ойынның насихатшысымын. Оны бейнелеп қана қоймай, жарыстарға барамын, суретке түсіремін. Өзім лавада 12 жыл комбайншы болып жұмыс істедім. Көкпарға қатысушылар да кеншілерді еске түсіреді. Ұжымның мүддесімен өмір сүретін, достықтың қадірін білетін нағыз ер адамдар. Сонымен қатар, көкпар патриотизмге тәрбиелейді. Мен құстарды да жақсы көремін. Жұрттар айтпақшы адамдарды неғұрлым көп білсем, соғұрлым құстарды жақсы көремін, – деп әзілдейді суретші.

Владимир Фатьянов қылқаламды бала кезінен-ақ жанына серік еткен. 1976 жылы Қарағандыдағы көркемсурет мектебін бітірген. Шымкенттегі Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде станоктық кескіндеме мамандығында оқыды. Оның картиналары мен сәндік жұмыстары Германия, Италия, Франция, Жапония, АҚШ-тың жеке коллекцияларында бар.

Вернисаждың басталуы 15 желтоқсан күні сағат 15:00-де.

Экспозиция 10 қаңтарға дейін жалғасады.