
Астанада ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Екі қарағандылық кәсіпорын: Саран қаласынан A. V. Group және "Жакко Қарағанды" зауыты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының хабарлауынша A. V. Group "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясының иегері атанды. Кәсіпорын арнайы киім және басқа да тігін бұйымдарын, жиһаздарды, полиграфиялық өнімдерді шығарады.

Биыл оның ашылғанына 10 жыл толды. Бүгінде мұнда 150-ге жуық адам жұмыспен қамтылған, оқу орталығында жас кадрлар даярлануда.

Пластикалық құбырлар шығаратын " Жакко Қарағанды" зауыты "Іскер"арнайы сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық өз өнімін жетілдіруге және оның сапасын үнемі жақсартуға ұмтылатын компанияларға беріледі. Отандық нарықта кәсіпорын 22-ші жыл жұмыс істейді, бүгінде ассортиментінде мыңнан астам тауар түрлері бар. Зауыттың өндірістік қуаты-жылына 12 мың тонна өнім. Компания тауарларды шетелге де экспорттайды.

– Соңғы бес жылда біздің зауыт пластикалық құбырлар мен фитингтердің елдегі жетекші өндірушілерінің біріне айналды. Біз үнемі өндірісті жаңғыртумен, қызметкерлердің кәсібилігін арттырумен айналысамыз. Жұмысымыздың бағаланғаны біз үшін өте маңызды. Бұл сыйлықты алу одан әрі өсуге және дамуға түрткі болады, – дейді "Жакко Қарағанды" ЖШС Бас директоры Мерген Таужанов.