Қарағандыда француз фотосуретшісінің көрмесі өтеді

Қарағандыда француз фотосуретшісінің көрмесі өтеді

Қарағандылықтар Қазақстанды жас француз фотографы Адель Желанскийдің көзімен көре алады. "МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН" көрмесінің ашылуы 13 желтоқсан күні сағат 18:00-де Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4-ші оқу корпусының ғимаратында өтеді. (Гоголь көшесі, 38).

Автор көрменің ашылу салтанатына қатысып, келушілерді өзінің шығармашылық жобасымен таныстырады.

Зерттеуші-суретші Адель Желанский пәнаралық фотография саласында жұмыс істейді. Ол түрлі техникаларды сынап көріп, бояулармен жиі тәжірибе жасайды. Art Future жобасында жеңіске жеткеннен кейін фотосуретшіні Қазақстандағы арт-резиденцияға шақырған. Ол еліміздің бірнеше өңірін аралап, суреттердің тұтас сериясын дайындады, олардың арасында Қарағанды да бар.

Өнертанушылардың пікірінше, Адель Желанскийдің шығармалары ойжұмбақтардың бір түрі. Ол Қазақстанды бір мезгілде турист, антрополог және суретшінің көзімен көре алады.

Қарағандыдағы экспозицияда көрермен назарына 20 жұмыс ұсынылады. Көрмені Қарағанды Француз Альянсы Францияның Қазақстандағы елшілігімен және Е. А. Бөкетов атындағы КарУ-мен бірлесе ұйымдастыруда. Көрме 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Кіру тегін.