Жас қарағандылық домбырашылар Дубайда өткен Халықаралық байқаудың Гран-приін жеңіп алды

Жас қарағандылық домбырашылар Дубайда өткен Халықаралық байқаудың Гран-приін жеңіп алды

"Қарақат" мектеп-студиясының "Шалқыма" Қарағанды ансамблі Dubai Music Festival халықаралық фестиваль-байқауында Гран-при жеңіп алды.

Дубайдағы байқауға Қарақат Әбілдина мектеп-студиясының Қарағанды филиалының 11 домбырашысы қатысты. "Шалқыма" ансамблі 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалардан тұрады. Олар көрермендерді "Секіртпе"күйінің синхронды, виртуозды орындауымен баурап алды.

– Балаларды байқауға мектеп-студияның тағы бір педагогы-Бексұлтан Димашев ертіп апарды. Байқау бәсекеге толы болды, оған Үндістан, Пәкістан, Ресей, Қырғызстан және Сауд Арабиясының жас әртістері қатысты, – дейді "Қарақат" мектеп-студиясының домбыра оқытушысы Жәнібек Қазбекұлы. – Барлық қатысушылар жақсы дайындалды. Дегенмен біздің домбырашыларымыз нағыз шоу жасады. Олар өздерін сахнада өте сенімді ұстады, домбырада шебер және синхронды ойнады.

Ансамбльдің өнерімен қатар Қарағанды мектебі конкурсқа жеке нөмірлер дайындады. 13 жасар солистер Нұрасыл Серік пен Бақдәулет Әбдіқанов Гран-при мен бірінші орынды жеңіп алды.

– Сондай-ақ, жүлделі орындарға Самғар Балтақай мен Айәділ Дүйсен ие болды. Олар екінші орынды алды. Жалпы, біз оқушыларымыздың нәтижесіне ризамыз және оларды алда көп жеңіс күтіп тұрғанына сенімдіміз, – деп атап өтті Жәнібек Қазбекұлы.