Қарағанды музыкалық комедия театрына – 50 жыл!

Қарағанды музыкалық комедия театрына – 50 жыл!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев музыкалық комедия театрының ұжымын мерейтойымен құттықтап, Президенттің хатын табыс етті.

– Сіздер қараша айында мерейтойларыңызды атап өттіңіздер, шын жүректен құттықтаймын. Бірақ бүгін мен ерекше жағымды жаңалықпен келдім. Сіздерге Президенттің құттықтау хатын табыстамақпын, – деді аймақ басшысы. Облыс әкімі хатты оқып берді:

"Құрметті достар! Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрын құрылғанына 50 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің мерейтойларыңыз-бүкіл театр қауымдастығы үшін, өнерді бағалайтын жандар үшін үлкен мереке. Театрдың бай тарихында көптеген жарқын оқиғалар, тамаша әртістердің, солистердің, композиторлар мен музыканттардың тұтас жинағы бар.

Бүгінгі таңда талантты ұжым көрермендерді қызықты қойылымдармен қуантуды жалғастырып, белсенді гастрольдік іс-шаралар жүргізіп, халықаралық фестивальдерге қатысып, мәдени дәстүрлерді сақтауға елеулі үлес қосып отырғаны қуантады.

Сіздерге шабыт, шығармашылық табыс және көп көрермендер тілеймін".

– Біз де ел Президентіне оның мәдениетке бөлген көңілі үшін алғысымызды білдіргіміз келеді, – дейді музыкалық комедия театрының жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ибраев. – Біздің театр жақында 50 жылдық мерейтойын атап өтті. 1973 жылы 16 қарашада ол өзінің өнер айдынындағы жолын бастаған еді. Өз тарихын ол Исаак Дунаевскийдің "Еркін жел" опереттасының премьерасынан бастады. 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры өзін оперетта және мюзикл жанрында дамытуда. Театрдың алдағы өмірі және елімізде өзінің жұлдызды шығармашылық шеруін жалғастыруы, дамып, жас талантты кадрлармен толықтырылуы менің басшы ретіндегі арманым.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры Қазақстанда оперетта мен мюзикл жанрларын кеңінен насихаттайтын жалғыз театр. 

Бүгінгі таңда театр труппасы 360-тан астам адамнан тұрады және оны үнемі жас түлектер, театр әртістерінің тәрбиеленушілері толықтырып келеді.