"Жеті құндылық": Теміртау мұражайында жаңа көрме

"Жеті құндылық": Теміртау мұражайында жаңа көрме

8 желтоқсанда Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Суретшілер Одағының мүшесі Қуат Асқаровтың "жеті құндылық"атты жеке көрмесі ашылады. Экспозиция шебердің 60 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Көрменің аты сол күні бас картина болатын философиялық триптихтің құрметіне қойылды. Одан бөлек 20-дан астам ауқымды туындылар көрмеге қойылады. Бұл автордың соңғы жылдары жазылған жұмыстарының циклі.

"Суретші бұл картиналарды салуға шабытты балалық естеліктерінен алған. Картиналар шынымен де қазақ мәдениетінің рухына, оның дәстүрлеріне қаныққан. Көрерменге өмірлік құндылықтар туралы ойлауға және білуге мүмкіндік береді", – дейді музей қызметкерлері.

Қуат Асқаров-суретші-кекіндемеші. Теміртауда дүниеге келіп, Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Қарағанды облысы әкім сыйлығының "Жылдың үздік суретшісі" номинациясының лауреаты (2014 ж.), Ә. Қастеев атындағы "Үздік шығармашылық үшін" алтын медалінің лауреаты (2015 ж.).

Вернисаждың басталуы сағат 16.00-де.