
"Терриконовая Долина" тегін екі күндік "Python-да телеграм бот әзірлеу" тақырыбындағы курсты бастайды! 9–10 желтоқсан сағат 12:00-де жеке бизнес-процестерді автоматтандырғысы келетін жас әзірлеушілер мен кәсіпкерлерді шақырамыз.
Спикер – Nexus Pro компаниясындағы Middle Backend Developer Денис Ахметов болады. Қатысушылар теорияны толықтай зерттейді және сарапшының бақылауымен өз боттарын жасау мүмкіндігін алады.
Сонымен-ақ курста келесі тақырыптар талданады:
- Python-дағы деректер түрлері;
- циклдар,шарттар, функциялар мен декораторлар;
- Телеграм бот қалай жұмыс істейді;
- BotFather – бұл не және ол не үшін қажет;
- Аiogram көмегімен қарапайым ботты қалай жазуға болады;
- ботты "ақылды" етіп, логиканы қалай қосуға болады;
Оқытуға офлайн немесе онлайн қатысуға болады.
Оқытуға terricon.kz сайты арқылы тіркеле аласыздар.
Мекен-жайы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы Алалыкин к., 12
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.