Қарағанды облысында волонтерлікті қолдау мен дамыту бойынша грант жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысында волонтерлікті қолдау мен дамыту бойынша грант жеңімпаздары анықталды

Теміртаудағы өткен волонтерлердің облыстық форумында әлемді жақсартуға ұмтылғандардың басын біріктірді. Ең белсенді еріктілер өңір әкімінің үздік волонтерлік жобаларды қолдауға арналған гранттарын, сертификаттар мен алғыс хаттарды алды. Қарағанды облысында барлығы 73 еріктілер ұйымы жұмыс істейді.

– Еріктілер-өз елінің болашағына алаңдайтын адамдар. Біздің өңірдің еріктілер қозғалысы жеке бағыты бар үлкен қоғамдық күшке айналуда. Өңірде облыстың 4,5 мың тұрғынынан тұратын 73 волонтерлік ұйымдар мен топтар бар. Оның ішінде көпшілігі жастар. Олар 40 мыңға жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және халықтың басқа да ерекше мұқтаж санаттарына көмек көрсету бойынша 502 іс-шара өткізді. Еріктілердің аймақтық фронт-офисі бар. Ол жалпы шараларды ұйымдастырумен және еріктілер ұйымына ресурстық көмек көрсетумен айналысады. Бүгінде еріктілер қоғамдағы көптеген мәселелерді шешуге көмектесуде, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.

Форумға БҰҰ еріктілер бағдарламасының, Орталық Азия елдерінің еріктілер ұйымдарының өкілдері және "Ұлттық еріктілер желісі" заңды тұлғалар ұйымы қатысты. Онда волонтерлік ұйымдардың қызметі, азаматтық бастамаларды қолдаудағы корпоративтік жауапкершіліктің рөлі, экология, білім беру, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар  сынды тақырыптар талқыланды.

Сондай-ақ форумда үздік жобаларға гранттар мен сертификаттар беріліп, белсенді еріктілерге алғыс хаттар табысталды.

Жеті волонтерлік ұйым волонтерлік қызметті қолдауға арналған гранттар конкурсының жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар арасында Абай ауданынан келген Ержан Рахметов те бар. Ол Taza Alem экологиялық жобасын қорғады.

– Біздің жоба шикізатты, соның ішінде қақпақтарды сұрыптауға бағытталған. Қайта өңдеу материалдарын тапсырудан түскен ақшаға әлеуметтік осал отбасыларға, сондай-ақ өмірлік жағдайы қиын отбасыларға арналған кеңсе тауарларын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Абай мектептерінде контейнерлер орнатылады. Болашақта осындай контейнерлерді барлық Абай ауданы бойынша орналастырғымыз келеді. Алынған қаражатқа контейнерлер, үстелдер, плакаттар және т. б. сатып алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Taza Alem жобасының координаторы Ержан Рахметов.

Іс-шара "интерактивті кафе" форматында өтті, онда қатысушылар халықаралық ұйым өкілдерінің жобаларымен танысты.

Форум Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен өткізілді.