
Екі жыл ішінде ONAY! электронды төлем жүйесі жолаушылардың нақты санын көруге және Қарағанды облысындағы ең жиі қолданылатын бағыттарды анықтауға көмектесті. Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болды. Сондай-ақ, облыстық, қала аралық маршруттарда жүру бұрынғыдан арзанырақ. ONAY! картасы арқылы енді тұрғындар бірыңғай тариф бойынша 80 теңге төлейді.
ONAY! электронды төлем жүйесі Қарағандыда 2021 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. Бүгінгі таңда ол Саран мен Балқашта, сондай-ақ қалааралық маршруттарда енгізілген.
– Екі жыл ішінде қоғамдық көлік жұмысында үлкен өзгерістер болды. Автопарктер жаңа автобустар сатып алды, олардың желіге шығу жүйелілігі артты, сондай – ақ жаңа маршруттар ашылды, – дейді "Алматы қаласының Көлік холдингі" ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Георгий Когай. – ONAY! жүйесі тасымалдаушыларға жолаушылар мен қаражат көлемін анықтауға мүмкіндік берді. Алғашқы күндері ONAY! карталарымен тек 3 мыңнан астам жолаушы жол ақысын төлейтін еді. Енді жұмыс күндері Қарағандыда күн сайын 290 мыңнан астам транзакция жасалуда. Осындай өсімді облыстық маршруттарда да байқауға болады, онда сапарлар саны 15 мыңнан 35 мыңға дейін өсті. Сонымен қата, автобустарда ұрыс-керіс азайды.
Бүгінгі таңда өңірде жолаушылар тасымалы қызметі бойынша 9 компания бар, олар 58 бағытқа қызмет көрсетеді. Жол ақысын электрондық төлеу жүйесі 500 қалалық және 122 облыстық автобустарда енгізілген.
– Кейбір желілерде автобустардың саны артып, жаңа бағыттар қосылды. Мысалы, № 19 маршрутта желіге шығу жоспары қазір 100%-ға орындалады, ал № 56 маршрутта автобустар саны 6 - дан 12-ге дейін өсті, – дейді Қарағанды ТКШ, ЖМ және АҚ бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Темірлан Талдыбаев. – Сонымен қатар биыл үш жаңа маршрут іске қосылды – "Күнгейде" № 20, Үлкен Михайловкада № 48 және № 63.
ONAY! жүйесі желідегі автобустардың саны, уақыты және транзакциялар көлемі туралы ақпарат беру арқылы жолаушылар көлігі бөлімінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетті. Бұрын қоғамдық көліктің жұмысын бақылау үшін арнайы рейдтер жүргізіп, автобустар мен жолаушыларды қолмен санау керек болатын. Енді барлық процестер автоматтандырылған.

Электрондық төлем жүйесін пайдалану жолаушылар үшін де ыңғайлы. Мобильді қосымшада бір минут ішінде виртуалды картаны тіркеуге және ONAY! жүйесі бар кез келген қалада бірыңғай тариф бойынша жол ақысын төлеуге болады. Сондай-ақ қосымша арқылы алдын-ала автобусты тандап, жол ақысын төлеуге болады.
Желтоқсан айының басында облыста 432 мыңнан астам ONAY! картасы сатылды оның 159 мыңға жуығы жеңілдікпен жүретін тұрғындарға берілген.