Өнермен өрілген 50 жыл: Роза Рымбаева қарағандылықтар үшін ән шырқайды

 Өнермен өрілген 50 жыл: Роза Рымбаева қарағандылықтар үшін ән шырқайды

Қазақстанның Халық әртісі, "Қазақстанның Еңбек ері" атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Роза Рымбаева қарағандылықтар мен қала қонақтарын шығармашылық кешіне шақырады. Шара 19 желтоқсан күні сағат 18:30-да Сәкен Сейфуллин атындағы Қаздрамтеатрда өтеді.

Концерт әртістің шығармашылық мансабының 50 жылдығына арналған. Оған әншінің ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев қатысады.

Роза Рымбаева өзінің репертуарындағы танымал әндермен қоса жаңа туындыларын көпшілікке паш етпек.

Билеттерді Қаздрамтеатр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.