Қарағанды облысында Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау күшейтілді

Қарағанды облысында Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау күшейтілді

1 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды  қорғау күшейтілді. Патрульдер мемлекеттік орман қорының аумағын – Қарағанды, Пришахтинск, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының жасыл аумағын тәулік бойы бақылайды. Онда 19 мобильді топ және 5 мобильді пост қызмет етеді.

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және өңірлік полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің бірлескен рейдтері жүргізілуде.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 381-1 бап, 2 т., қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кескені үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК айыппұл қарастырылған, ал бір ағаш үшін 15 АЕК құрайды.

Қазіргі таңда мемлекеттік орман қоры аумағында орман заңнамасын бұзушылықтар тіркелмеген.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша