
8 желтоқсанда сағат 18:30-да "Террикон алқабы" IT -хабында «Акселератор» бағдарламасының финалы өтеді. Демокүн офлайн форматта өтеді, сонымен қатар хабтың YouTube арнасында тікелей эфирде жүргізіледі.
"Акселератор" аясында кәсіпкерлер бизнесті дамытуға және оны нарықта кеңейтуге көмектесетін 9 апталық оқыту курсынан өтті. Курсты арнайы шақырылған сарапшылар мен тәлімгерлер өткізді.
Қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздікпен, computer vision, e-commerce, medtech, legaltech, edtech, аддитивті технологиялармен байланысты жеті команда өз нәтижелерімен бөліседі. Шағын және орта бизнес өкілдері өздерін таныстырып, іске қосылған пилоттық жобалар мен жаңа келісімшарттар туралы әңгімелейді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік командаларды анықтайды, ал демокүн серіктесі Yandex Cloud жеңімпазға өз қызметтерін пайдалану бойынша гранттар береді.
"Террикон алқабы" IT-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.