Қарағандыда ауыл шаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда ауыл шаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда 9, 16 және 23 желтоқсанда ауыл шаруашылығының кезекті шағын жәрмеңкелері өтпек. Жергілікті өндірушілер қала тұрғындары мен қонақтарын өнімдерін сатып алуға шақырады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы және ет-сүт өнімдері орташа нарықтық бағадан арзан сатылатын болады.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер үш секторда ұйымдастырылған:

- Global City ТЛК Оңтүстік-Шығыс-фермерлік орталығы (134-ші есептік квартал, 921-құрылым);

- Майқұдық – "Ұмай" Сауда үйі (Карл Маркс көшесі, 9);

- Пришахтинск – "Молодежный" Мәдениет үйі (Металлистов көшесі, 24/2 ғимарат).

Басталуы 09:00.