Еркеғали Рахмадиев атындағы елордалық мемлекеттік филармония Қарағандыда концерт береді

Еркеғали Рахмадиев атындағы елордалық мемлекеттік филармония Қарағандыда концерт береді

9 желтоқсан күні сағат 17:00-де Астанадан келген Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «Шалқыма» концерт залында «Дала дәстүрі» атты концерт береді.

Өнер сүйер қауым алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, мәдениет үздіктері Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Телман Нұркенов, Әйгерім Нартүйе, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Жақсыкелді Маясаров, сондай-ақ «Сарыарқа» халық әуені және «Шалқыма» халық би ансамбльдері өнер көрсетеді.

Бағдарламада халық әндері «Ағажай-Алтай», «Дедімай-ау», Ақан серінің «Ләйлім», «Балқадиша», Біржан салдың «Ақтентек», Әсеттің «Қоңырқаз» және «Інжу-Маржан», Ғазиздің «Шалқыма», Шәмші Қалдаяқовтың «Қайықта» және т. б.

Концертте көне күй «Сары өзен», сондай-ақ Тәттімбеттің «Сарыжайлау» мен «Қосбасар», Дайрабайдың «Дайрабай» күйлері орындалады.

Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Телман Нұркенов.

Билеттерді «Шалқыма» к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефоны: 8-702-788-99-99.