
Облыстық мүгедектер спорты бойынша мамандандырылған мектептің өкілі Даяна Федорова IBSA Judo Tokyo Grand-Prix 2023 турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Теміртаулық парадзюдошы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нашар көретін спортшылар арасында бақ сынасты. Халықаралық турнирдің финалдық жекпе-жегінде Даяна Өзбекстаннан келген Кусомхон Ходжаеваға есе жіберді.
Бір жыл бұрын Федосова Бакуде өткен әлем чемпионатында үшінші орын алған. Биыл дзюдошы Астанада өткен Азия чемпионатында алтын, ал Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша