
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын алды. ОКА әзірге облыстағы осындай жоғары баға берілген жалғыз стационар.

Аккредиттеу қараша айының ортасында өтті. Бір апта ішінде сыртқы кешенді бағалау сарапшылары ОКА-ның барлық орталықтарында трейсерлер жүргізді, барлық бөлімшелердегі жұмыс процестері медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігіне, медициналық персоналдың біліктілігіне, кәсіби өсуіне, медициналық құжат айналымының сапасына, төтенше жағдайлар кезіндегі пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі бағаланды.
Нәтижелерге сай денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша Аккредиттеу орталығының комиссиясы облыстық клиникалық ауруханаға пациенттер үшін көрсетілетін қызметтер сапасы, жайлылық және қауіпсіздік стандарттарының жоғары сақталғанын куәландыратын жоғары санат берді.

Облыстық клиникалық ауруханаға жеті орталық кіреді: хирургиялық, терапиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық, № 1 Перинаталдық орталық (Михайловка), № 2 Перинаталдық орталық (Пришахтинск).

ОКА-да 570 кереует орналастырылған. 800-ден астам қызметкер, оның ішінде 147 дәрігер жұмыс істейді.