Қарағандыда күйші және композитор Әбікен Хасенов туралы кітаптың тұсауы кесілді

Қарағандыда күйші және композитор Әбікен Хасенов туралы кітаптың тұсауы кесілді

Күйші әрі композитор Әбікен Хасеновтың туғанына 130 жыл толуына орай музыкалық кеште "Әбікен Хасенов" кітабы таныстырылды. Басылымның авторы – Әбдуғалисын Шоқанбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі.

Кітапта Әбікен Хасеновтың ұрпағы Несібелді Әбдірахманованың бұрын-соңды жарияланбаған деректері келтірілген мақаласы бар.

– Мен Несібелдімен байланысып, оның отбасы, Әбікен Хасенов театрында жұмыс істеген жылдары, онда қандай рөлдерде ойнағаны және т.б. туралы ақпарат алдым. Сонымен қатар Әбікен жайлы біздің өлкетанушы, жазушы, журналист Төрехан Майбас та жазғанын білемін. Кітапта оның да материалдарын қолдандым. Ең бастысы, біз шебердің орындауындағы жеке әуендердің ноталарын, сондай-ақ оркестрлік партитураларды енгіздік. Партитура бұрын жарияланбаған, мен оны жаздым, өңдедім. Жеке орындаудағы онға жуық әуен және оркестрлік орындаудағы бес-алты әуен енді, – дейді Әбдіғалисын Шоқанбаев.

Кітап 300 беттік, 200 данамен басылған. 

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шешімі бойынша ол облыстың кітапханаларына, музыкалық мектептеріне, колледждеріне таратылады.