
Құрама команда студенттер арасында футзалдан ҚР чемпионатында екінші орынды иеленіп, финалдық ойында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің спортшыларына есе жіберіп алды. Үшінші орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті иеленді.

Жүлделі орынға барлығы 16 ЖОО командалары таласты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек марапаттау рәсімінде жүлдегерлерді құттықтады:
– Құрметті студенттер, сіздер бұқаралық спорттың дамуына зор үлес қосып жүрсіздер. Бұған 2023 жылғы Азия ойындарындағы, Түркістандағы Түркі универсиадасындағы жетістіктер дәлел. Бүгін сіздер спортқа деген қызығушылықтарыңызды қайта көрсетіп, жақсы дайындықты көрсеттіңіздер. Келесі жылдан бастап министрліктің қолдауымен осындай чемпионаттар мен басқа да спорттық іс-шаралар өз жалғасын табады.

Техникалық университеттің студенттік командасы Кубок пен медальдармен, капитан Айдос Темірғали – естелік белгісімен және "Турнирдің үздік жартылай қорғаушысы" дипломымен марапатталды, ал спортшылардың тәлімгері Владислав Черномордовқа естелік белгі және "Турнирдің үздік жаттықтырушысы" дипломы табысталды.

ЖОО құрама командалары арасында футзалдан ҚР чемпионатының суперфиналын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен University League қоғамдық қоры өткізді.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша