
Қарағандыда алтыншы рет жеңіл атлетика мектебінің негізін қалаушы Александр Кирсановты еске алу турнирі өтті. Мемориалдың танымалдығы жыл сайын артып келеді.

Биыл жарысқа Елорда мен бес қаладан, Қазақстанның үш облысынан 100-ден астам спортшы қатысты. Жас спортшылар алты рекорд орнатты.

Әр түрлі қашықтыққа жүгіру, эстафета, ұзындық пен биіктікке секіруден 16–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар жарысты. Жоғары жетістіктерге Екібастұздан Полина Карел (60 м), қарағандылықтар Нұржан Сейдрахман (300 м) және Арина Малюгина (биіктікке секіру), Сәтбаевтан Айбол Неудала (600 м), Алматыдан Ирина Конищева (60 м кедергілермен), сондай-ақ Алматы құрамасы эстафетада жеңіске қол жеткізді. Рекордшылар Кирсановтар отбасынан ақшалай сыйлық алды.

– Александр Кирсановтың мемориалына қатысқысы келетіндер жыл сайын көбейіп келеді. Биыл өте мықты спортшылар келді, олардың арасында республикалық және халықаралық біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Сондықтан да осындай рекордтар орнатты! – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Андрей Агеев.

Турнир жеңімпаздарының қатарында Қарағанды облысының төрт спортшысы бар: Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілері Милана Зубарева мен Тимур Агеев, ОРОБЖСМ-нен Богдан Полищук, Теміртаудан Мария Тимченко. Бірінші орынды қонақтар иеленді: Руслан Құрманалиев (Астана), Маргарита Косинова (Алматы), Иван Сенинг (ШҚО).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Александр Кирсанов (1928–2017) Қарағанды жеңіл атлетика мектебінің ненізін қалап, осы спорт түрінің дамуына үлкен үлес қосты. Қарағандыға ол 1951 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітіргеннен кейін келді, бірден өзін жаңашыл әрі көшбасшы ретінде көрсетті. Кирсановтың есімімен республикалық және халықаралық ареналардағы жетістіктер байланысты. Оның бастамасымен 50-ші жылдардың соңында "Шахтер" стадионында спорт залы мен тир қайта құрылды. Осы өзгерістердің арқасында арнайы жабыны бар жеңіл атлетика манежі пайда болды.

Александр Кирсановтың алғашқы мемориалы 2018 жылы өтті. Содан кейін оған тек жергілікті спортшылар қатысты, содан кейін қатысушылар географиясы кеңейді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша