Жеңіс Қасымбек оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Жеңіс Қасымбек оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Осы жылы мектептерде COVID-19 пандемиясы салдарынан салтанатты жиындар өткізуге рұқсат берілмеді.

Жеңіс Қасымбек мектеп оқушылары мен түлектердің қуанышы шектелмеуі тиіс екенін атап өтті, себебі оқу жылының аяқталуы - бұл өмірлік жолдың белгілі бір кезеңі, кезекті қадам, жаңа білім мен жаңашылдықтарға толы сәт.

Қарағанды облысында биыл 7 673 түлек аттестат алады. Өңір басшысы олар үшін ең маңызды міндет - болашақ мамандықты таңдау екенін, кез келген өмірлік жағдайда адал, мейірімді және қайырымды болу екенін атап өтті.

- Бұл күні мен баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бейбітшілік пен татулық тілеймін. Осы жылдар бойы сіздермен бірге болған және қиын уақытта қолдаған ұстаздарыңызға және ата-аналарға алғыстарыңызды айтыңыздар. Олардың барлығы сіздерге үлкен үміт артады. Армандаңыздар, алға ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызды орындаңыздар! - деп тілегін білдірді Жеңіс Қасымбек.

Түлектерге әлі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру керек. Пандемияға қарамастан, ол емтихан әдеттегі форматта 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.