Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті қарағандылықтарды музыка әлеміне шақырады

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті қарағандылықтарды музыка әлеміне шақырады

"Шалқыма" концерт залында 1 желтоқсан күні сағат 18:30-да Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің "Музыка шексіз" концерті өтеді.

Бағдарламада № 6 квартет, 18 опус, Людвиг ван Бетховен, № 6 Квартет, 101 опус, Дмитрий Шостакович және Қуат Шілдебаевтің ішекті квартеті бар.

Квартет құрамында Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель) бар.

Квартеттің тарихы 1988 жылдан басталады. Ұжым – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік наградасының иегері.

Көркемдік жетекші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет құрамында ол құрылған күннен бастап өнер көрсетіп келеді.

Айдар Тоқталиев – халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Алексей Лебедев – халықаралық байқаулардың лауреаты. Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Концерттің жүргізушісі – Людмила Гольская.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.