
Қарағанды облысының құтқарушылары қысқы кезеңде ТЖ алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Екі күн, 23 және 24 қарашада өңірде "Қыс-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың бірінші күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына "ҚЫС" Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізу кезеңіне міндеттер қойды. Әрбір өңір практикалық іс-қимылдарды пысықтады.

Оқу-жаттығу штабының бастығы-ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару құралымдарының қатал қыс жағдайында туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйелері тексерілді.

Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде облыс аумағында төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтау бойынша 25-тен астам тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді:

қалың қар жауғанда және боран болған кезде іздестіру-құтқару жұмыстары, оның ішінде құтқару авиациясын,


вагондардың темір жолдан шығуы және төгілген қауіпті жүктің тұтануы.


Қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штаб шатыры, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылған далалық басқару пунктінің жұмысы көрнекі түрде ұсынылды.

Сондай-ақ, өтімділігі жоғары автомашиналар базасында жылжымалы байланыс тораптарының мүмкіндіктері, квадрокоптермен жер бетін бақылау бойынша және зардап шеккендерді анықтау бойынша жұмыстар көрсетілді.

Қарағанды облысында ұзындығы 574 км автожолдардың 590 қарлы учаскелері күшейтілген бақылауға алынды, 28 жылыту пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жол бойындағы сервистің 300-ден астам нысаны іске қосылады.

Қысқы кезеңде ТЖ салдарын жою үшін барлық қажетті техника мен жабдықтар дайын. ТЖ Департаменті қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Барлық жерүсті көліктері, вахталық автомобильдер белсенді тартылатын болады. Бұл әдіс облыстың ең қарлы бағыттарына таралады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша