Классикалық музыка сүйетіндерді Қарағанды симфониялық оркестрінің концертіне шақырады

Классикалық музыка сүйетіндерді Қарағанды симфониялық оркестрінің концертіне шақырады

Осы сенбі, 25 қараша күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Симфониялық музыканы бағалаушылар алдында халықаралық байқаулардың лауреаттары – Қазақ ұлттық өнер университетінің 1 курс студенті Нұрсұлтан Омарғазин (Астана, фортепиано) және А. Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Сағадат Омарғазин (Алматы, скрипка) өнер көрсетеді.

Бағдарламада Гектор Берлиоз "Рим карнавалы", Чарльз Берно "Балет көріністері", Джордж Гершвин" блюз стиліндегі Рапсодия", Петр Чайковский Симфония № 4 фа минор, оп. 36.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.