
"Ауыл Береке – 2023" облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 қарашада Global Сity СОО аумағында өтеді. Қала тұрғындарының жайлылығы үшін төрт бағыт бойынша тегін жолаушылар көлігі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге келушілер жүзден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатып ала алады. Бұл облыстың жеті ауылдық ауданының – Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының өнімі. Сондай-ақ, саудаға Қарағанды, Саран, Шахтинск өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкеде тұтынушыларға 560 тонна ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады: ет, көкөністер, сүт өнімдері, балық және басқа да тауарлар сатылады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Global City-ге төрт автобус қатынайды:
– "30-шы шағын аудан-Global city", қозғалыс 30-шы шағын ауданнан, одан кейін Мұқанов көшесі – Республика даңғылы – Шахтерлер даңғылы – Тәттімбет көшесіне дейін.
– "Сұрыптау, Майқұдық-Global City", автобус "Жастар" кафесінен қозғала бастайды, одан әрі Жекібаев, Мануильский, Серов, Дружба, Менделеев көшелерімен жүреді, одан әрі Магнитогорская – К. Маркс көшелерімен жүруді жалғастырады.
- "Михайловка-Global City". Бағыт ДСК-ден басталады, одан әрі Сейфуллин даңғылы – Аманжолов – Чкалов – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль бойынша жүреді.
- "Пришахтинск-Global City". Автобус 23-ші шағын ауданнан, одан әрі Луначарский – Зелинский – Попов көшесі – 15-ші магистраль – Гоголь – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль бойынша шығады.
Барлық автобустарда арнайы "ЖӘРМЕҢКЕ" тақтайшалары орналастырылады.