Қарағанды балалар кітапханасы "Дауыстап оқу" өткізеді

Қарағанды балалар кітапханасы "Дауыстап оқу" өткізеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 23 қараша күні сағат 12:00-де "Дауыстап оқуға" шақырады. Жазушы Марина Алясова туындыларын "дауыстап" оқиды.

"Ертегілер мен әңгімелер сағаты" жобасы аясында біздің жас оқырмандарымыз Қарағанды жазушысы Марина Алясовамен танысуға және Қазақстаннан тыс жерлерде бұрыннан белгілі болған туындыларды тыңдауға тамаша мүмкіндік алды", – деп атап өтті кітапханада.

"Дауыстап оқуда" қонақ балаларға "Балалар мен ересектерге арналған дана ертегілер" циклынан өзінің "Самал" ертегісін ұсынады.

Марина Алясова – Британдық балалар әдебиеті байқауының жеңімпазы. Жазушы алған Мария Шевель сыйлығы – Еуразиядағы балалар әдебиеті саласындағы ең беделді марапаттардың бірі. Ол "Ашық Еуразия" байқауы аясында 2018 жылдан бастап "Балаларға арналған проза" санатында бірінші орын алған көрнекті авторларға табысталады. "Ашық Еуразия: Суперкубок" жобасындағы жеңіс және Марина Алясованың кітабы Ұлыбританияда жарық көруі Қазақстан әдебиеті үшін жаңа көкжиектер ашады.

Марина Алясова бала кезінен өлең жазады, бірақ бұл өнеріне 10 жыл бұрын ғана толыққанды кірісе бастаған. Сонымен қатар, ол прозалық миниатюралардың, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған ертегілердің авторы. Оның кітаптарының сюжеттері балаларды қызықтыруға және шабыттандыруға, ересек аудиторияны тартуға қабілетті.

Абай атындағы балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан.
Анықтама телефондары: 41-23-25, 8-705-301-16-75.