Нұра ауданының кезекте тұрған тұрғындары баспаналы болды

Нұра ауданының кезекте тұрған тұрғындары баспаналы болды

Нұра кентінде кезекте тұрғандар қатарынан бірден 10 отбасы қоныс тойына дайындалуда. 

Олар үшін жаңа шағын ауданда үйлер салынды.

Кәмшат Қоңырова – көпбалалы ана. Жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Тұрғын үйге кезекте тұрғандарына төрт жыл болды. Осы уақыт ішінде олар үй жалдауға мәжбүр болған.

– Біз Нұрда үй жалдадық, бірақ ол жайсыз болды. Жаңа үйде жуынатын бөлме мен дәретхана жеке орналасқан. Пеш жағатын жер де бөлек. Бізге өте ұнайды. Көшуге дайындалып жатырмыз, – дейді көп балалы ана.

Евгения Дарьева қызын жалғыз өзі өсірген. Тұрғын үйге кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрған. Осы жылдар ішінде бірнеше пәтер ауыстырғанын айтады. Енді оның үйлі болу арманы орындалды.

– Тамаша, жаңа, жөндеуден өткен үй, жарық және кең бөлмелер, үйде бөлек жуынатын бөлме бар, толық жабдықталған, тіпті титан бар. Мен бақыттымын, біз мұндай үйді көптен армандаған едік, – дейді Евгения.

Кезекте тұрғандарға арналған үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Ақпасов көшесіндегі жаңа шағын ауданда салынды. Соңғы жылдары бұл аймақ кеңейіп келеді.

Биылғы жылы Нұра ауданында 67 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Олардың 42-сі көптен күткен кілттерді алды: 32 отбасы үшін қайталама нарықтан пәтер сатып алынды, 10-ы жаңа үйлерге қоныстанды.

Бүгінгі таңда ауданда 368 адам кезекте тұр.