
24 қараша күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залына қарағандылықтар мен қала қонақтарын күй шебері және композитор Әбікен Хасеновтың 130 жылдығына арналған күй кешіне шақырады.
Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі және солистер Қанат Бақраев, Білал Ысқақов, Болатхан Тәшімов, Жаңғали Жүзбаев, Сәлім Ізтілеуов, Сержан Мұсайын және т. б. тыңдаушыларын әсем күйлермен қуантады.
Бағдарламада Тәттімбет, Әбікен Хасенов, Құрманғазы, Мақаш, Әбди және т. б. шығармалары орындалады.
Көркемдік жетекші – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – Мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей.
Әбікен Хасенов Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы қаласында дүниеге келген. Бала кезінен домбырада ойнай бастаған. Әбікен Хасенов Арқаның дәстүрі күйлерінің ерекше орындаушысы болды. Ол Тәттімбеттің дәстүрлерін тамаша меңгеріп, өз көзқарасын енгізген: оның интерпретациясындағы шертпе-күйлер еліміздің музыкалық өнерінің алтын қорына кірді, олардың көпшілігі халық аспаптары оркестрлері мен көптеген солистердің репертуарының бір бөлігіне айналған. Күйшінің арқасында Тәттімбет күйлері мен басқа да атақты қазақ композиторларының туындылары сақталып, танымал болған. Әбікен Хасенов өзі де бірнеше музыкалық шығармалардың авторы. Оның "Қоңыр күй" әуені қазақ өнерінің тарихында ерекше орын алады. Күйші ҚазКСРО еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.