Дзюдодан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Дзюдодан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Ташкентте өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды облысының өкілдері алтын, күміс және үш қола медаль жеңіп алды. 

Жарысқа 16 елден келген дзюдошылар қатысты.

Жастар арасында Алдияр Кәріғұлов 60 кг салмақ дәрежесінде III орынды, Диана Телбаева 70 кг салмақ дәрежесінде бесінші орынды, Глеб Азаров 82 кг салмақ дәрежесінде алтын, Шерхан Алпанов 90 кг салмақ дәрежесінде күміс, Санжар Ерұланұлы 90 кг салмақ дәрежесінде қола, Аяулым Қайрат 52 кг салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша