
Қарағанды облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ көмір кәсіпорнының аумағында арнайы кокс өндіретін жаңа зауыт ашылды. Оның қуаттылығы - жылына 400 мың тонна арнайы кокс. 184 жұмыс орны құрылады.
Бұл зауыт – ERG-дің мемлекеттік импортты алмастыру бағдарламасына қосқан үлесі.
Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын қалпына келтіргіштер импортының елеулі бөлігінен бас тарта алады және отандық феррохромдағы қазақстандық қамту пайызын ұлғайта алады.
Жобаға құйылған инвестиция 60 млрд теңгені құрады. Өндірісте ең заманауи технологиялық шешімдер мен автоматика қолданылады.
Арнайы кокс өндіретін зауыттың технологиялық іске қосылуы телекөпір режимінде Eurasian Resources Group (ERG) "Қазтұтыну 2.0" I Халықаралық форумында өтті.