
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Өмір керемет болсын!" көрмесі өтуде. Ол зағип және нашар көретіндер Мәдениет үйі мен "АСТ Астана Әлеуметтік Технологиялар" ҚБ өкілдерінің шығармашылық одағы жұмысының нәтижесі.

Жүрегі кең және мейірімді жандар әлемге сұлулық сыйлау үшін өз таланттарын біріктірді.

– Бұл дәстүрлі көрме – зағип және нашар көретін мәдениет үйінің "Өрнек-Shimai" көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесінің бір жылдағы жұмысының қорытындысы. Онда әртүрлі техникадағы 50-ден астам жұмыс ұсынылған. Биыл біз экспозицияны "АСТ Астана Әлеуметтік Технологиялар" ҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырдық. Олар да 50-ге жұмыс –балшық жасалған өнімдер мен суреттер ұсынды.

Біздің мәдениет үйіндегі үйірмеге 18 жастан асқан тілек білдірушілерді қабылдаймыз. Ең ересек қатысушымыз 70 жаста. МҮ-де біз жұмыстарды сақтаймыз, оларды көрсетеміз, түрлі байқауларға қатысамыз, – дейді Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің басшысы Полина Угланова.

МҮ-де 11 әуесқой бірлестік жұмыс істейді.

44 жастағы Назым Рахымова бала кезінен қолданбалы өнермен айналысады. Мамандығы бойынша ол тігінші.
– МҮ жанындағы үйірмеде үшінші жыл айналысып келемін. Көрмеде ұсынылған менің төрт картинам жапондық кинусайга техникасында жасалған. Мен бұл техниканы бейнелер арқылы үйрендім. Жұмыста мен жібек, барқыт, трикотаж, сондай-ақ пенопласт қолданамын, – деді Назым Рахымова.

Көрмені концерттік бағдарлама сүйемелдеді. Өз шығармашылығын Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің көркемөнерпаздары көрсетті.

Көрме 13 қарашада бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық зағиптар күні аясында ұйымдастырылды.

Ол 26 қарашаға дейін жалғасады

