
Теміртауда 52 қоқыс алаңы абаттандырылып, рұқсатсыз қоқыс үйінділері тазалануда. Сондай-ақ, қалада пластик қалдықтарды жинауға арналған ерекше контейнерлер пайда болды.

Теміртауда тазалық үшін күрес белсенді түрде жалғасуда. Қалада заңсыз қоқыс үйінділері тазаланып, 30-ға жуық жерасты контейнерлері орнатылып, 50-ден астам қоқыс алаңдары абаттандырылды.
– Бұрын тоғыз мекен-жай бойынша біз эксперимент ретінде жер асты қоқыс жәшіктерін орнатқан болатынбыз. Енді біз тұрғындардан бұл контейнерлер туралы пікірлер жинаймыз, негізінен көпшілік оң пікір қалдырып жатыр. Кейде қарт адамдарға қақпақтарды аяқпен ашу қиынға соғады деген шағымдар да бар, біз оларға тұтқалар орнату мәселесін пысықтайтын боламыз, – дейді ТКШ бөлімі басшысының м. а. Қанат Хасенов. – Сондай-ақ, қала бойынша және Жаңауыл станциясында 52 қоқыс алаңы абаттандырылды. Негіздері бетондалды, тордан қоршау орнатылды.

Келесі жылы қоқыс алаңдарына кіретін жолдар төселеді. Контейнерлердің үстінде жарық тіректері мен қауіпсіздік камералары пайда болады.

Жақын арада қалада 20 мың текше метрден астам қоқысты стихиялық полигондардан шығару жоспарлануда. Бүгінгі таңда бес шағын аудандағы қоқыс үйінділері тазартылды. 6 мың текше метрден астам ҚТҚ шығарылды.

Пластик қалдықтарды жинау үшін Теміртауда ерекше контейнерлер орнатылады. Олар бөтелке түрінде жасалған және алыстан көзге түседі. Үш торлы бөтелке Металлург стадионының аумағын безендірді.

Қалада барлығы осындай 15 контейнер пайда болады. Олар "Восток" саябақтарында, ескі қалада және Металлургтер ескерткішінің артындағы алаңда орнатылады.

Ерекше бөтелкелердің жанында оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық болады.