Жоғары сынып оқушыларын Қарағанды облысында әлеуметтік көшбасшылыққа тегін оқытуға шақырады

Жоғары сынып оқушыларын Қарағанды облысында әлеуметтік көшбасшылыққа тегін оқытуға шақырады

Аймақ мектептерінің 10-сынып оқушылары әлеуметтік көшбасшылық және Beginit жобаларын құру бойынша тегін оқытудан өте алады. Оқыту жобасының бастамашысы – ІnDrive халықаралық IT-компаниясы.        

Оқыту аясында оқушылар көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша тегін білім беру курсынан өтеді, жобалардың бағыттары мен тақырыптарын таңдайды. Курс аяқталғаннан кейін олар бірқатар әлеуметтік жобалар жасайды, ең үздіктері идеяларын жүзеге асыруға қаржы алады. Сондай-ақ, финалистер бағалы сыйлықтар мен Алматы қаласының InVision U жаңа инновациялық университетіне толық гранттардың иегерлері болады.

21 қарашада сағат 10:00-де А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің "Жастар Әлемі" жастар сарайында (Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56) өтетін арнайы баспасөз конференциясында тілек білдірушілер оқу туралы мәліметтерді біле алады.

Жоба жетекшісі Елена Тропинова, жобаның аға маманы Ерсайын Қабдрашев және "Терриконовая долина" ІТ-хабының директоры Сабыр Ниязов Beginit бағдарламаларын таныстырады, ал қатысушылар өз сұрақтарын қоя алады.

Сондай-ақ, бұл күні мектеп оқушыларына арналған воркшоптар өтеді. Балалар оқу бағдарламасымен танысып, артықшылықтарды зерттей алады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қолдауымен өткізіледі.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін "Террикон алқабының" маркетинг бөліміне хабарласу қажет: +7-705-301-31-55 (Анастасия Морой).