
Жарты ғасырлық мерейтойға орай Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында "Мұражай триосы" көрмесі өтеді. Мұражайдың үш қызметкері қатысады: суретші-дизайнер Хайниса Мұстафина, қор бөлімінің меңгерушісі Айжан Дүйсембаева және суретші-дизайнер Анна Трушкова.
Теміртау мұражайы 1973 жылы 6 қарашада ашылған. Осы уақытқа аралығында жаңа экспозициялық залдар ашылып, экспонаттар саны артты. Мәдени мекеме бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы атанды.
Биыл "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы Теміртау" залының реэкспозициясы өтті. Мұнда соңғы 30 жылда металлургтер қаласында ашылған кәсіпорындардың даму кезеңдерін көруге болады. Бөлімдердің бірі сәулет нысандарына арналған. Төрт ғимарат 3D форматына ауыстырылып, зағип және нашар көретін адамдарға танысуға мүмкіндік жасалған.
Мұражай триосы экспозициясы 17 қарашадан бастап жұмыс істей бастайды. ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Хайниса Мұстафина мұражайдың бас дизайнер-суретшісі аралас техникадағы картондағы сәндік жұмыстардың жаңа сериясын және графикалық жұмыстарды ұсынады. Жақында мұражай қорының бөлім меңгерушісі Айжан Дүйсембаева өз бойында мүсінші талантын ашты. Қиял-ғажайып жанрының жанкүйері бола отырып, ол аңыздардағы жаратылыстар сериясын құрды, және де өзінің қиялын мүсіндер арқылы көрсете алды. Мұражайдың суретші-дизайнері Анна Трушкова Теміртау жас көрермен театрында суретші болып жұмыс істейді. Шебер өзінің сүйікті жанры – натюрмортты көрермендер назарына ұсынды. Әр түрлі техникадағы жұмыстар – графикалық сурет, линогравюра және майлы кескіндеме.
Көрме 6 желтоқсанға дейін жалғасады.