
Теңге ұлттық валютасының айналымға енгізілуінің 30 жылдығына орай Қазақстан Ұлттық Банкі 10 мыңдық мерейтойлық банкнот шығарды. Оның 19 қорғаныс элементі бар.
Мерейтойлық банкнот айналымға шығарылды және төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аудару үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін елдің бүкіл аумағында номиналды құны бойынша қабылдануға міндетті.
Монета бейнеленген банкноттың дизайны жергілікті қолданылған голографиялық элементті пайдалана отырып, теңге белгісі – "₸" негізінде жасалған. Банкноттың екі жағында да шексіз қозғалыстың символы ретінде "Мёбиус таспасы" жазылған.
Банкноттың алдыңғы жағында қазақ ою-өрнегінің элементтерін пайдалана отырып, дәстүрлі стильде безендірілген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Банкноттың сыртқы жағында Еуразия континентінің картасының жалпы контуры бейнеленген. Онда магниттік 5 мм қорғаныс жібі және "₸" белгісі түріндегі Спарк элементі бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша