Қарағанды облысында қоғамдық көлікті жаңарту жүріп жатыр

Қарағанды облысында қоғамдық көлікті жаңарту жүріп жатыр

Көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін Қарағанды облысында автопарктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жыл соңына дейін 195 автобус сатып алынады, оның 187-сі сатып алынды.

Нәтижесінде Қарағанды маңына қызмет көрсететін автобустардың 50%-ы жаңартылады, деп атап өтті облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, биыл 1354 км автожол жөнделді, оның ішінде 700 км жергілікті желі. 

"Ауыл – Ел бесігі" жобасы бойынша 22 ауылдық елді мекенде жол жөндеу жұмыстары аяқталды.