
"Террикон алқабы" ІТ-хабы айтишниктерді осы айдың 24 жұлдызында қараша неконференциясына қатысуға шақырады. Ұйымдастырушылар қызықты дәрістер мен жағымды тосынсыйлар дайындады.
Өз салаларында үлкен тәжірибесі бар төрт спикер баяндама жасайды деп жоспарланған.
Productmentor.kz, productmanagement.kz, intellimarket.kz бас директоры және құрылтайшысы Еркебұлан Сапаров стартаптағы өнім менеджерінің рөлі туралы әңгімелейді.

Инвестор тұрғысынан стартаптардың нақты сәтсіздіктері туралы Sverdlovsk Venture Fund ex-CEO Денис Скоморохов хабарлайды.

Freedom Mobile компаниясындағы Frontend Teamlead Тамерлан Тоқбаев өзінің дизайн кітапханасын қалай салу керектігін түсіндіреді.
Digital, product designer Евгения Бекметьева "IT және одан тыс жерлердегі дизайнер" тақырыбында сөз сөйлейді.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Басталуы 18:30.
Terricon.kz сайтында қатысуға өтінім беру қажет.
"Террикон алқабы" IT-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.