
Қарағанды қаласының Мансап орталығы 17 қарашада tanda.enbek.kz порталында өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы хабарлайды. Іс-шара 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өтуде.
Сайтта 300-ден астам жұмыс орнын ұсынуға дайын 24 жұмыс беруші тіркелген. Олардың қатарында "Қарағандыэнергоремонт" АҚ, "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС, "Еуразиан Фудс" АҚ, "ForteBank" АҚ филиалы және басқалары бар.

Жұмыс іздеушілер үйлерінен шықпай-ақ түйіндемені толтыруға және жұмыс берушімен тікелей байланысуға мүмкіндік алады. Онлайн чат арқылы жұмыс берушіге нақты уақыт режимінде сұрақ қоюға болады. Сол жерде сұхбатқа шақыру алуға немесе бейне сұхбат алуға мүмкіндік болады.
Жәрмеңкенің өтетін уақыты: 11:00-ден 17: 00-ге дейін.