Қарағанды теміржол колледжінде кәсіптік бағдар беру және мансаптық өсу кабинеті ашылды

Қарағанды теміржол колледжінде кәсіптік бағдар беру және мансаптық өсу кабинеті ашылды

Қарағанды теміржол колледжінде кәсіптік бағдар беру және кәсіби өсу кабинеті ашылды. Мұнда болашақ студенттер мамандықтармен танысып, бейнесабақтарға қатысып, тест тапсыра алады.

– Кәсіптік бағдар кабинетінде 9–11 сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап, колледж мамандықтарымен таныстырылады. Мектеп оқушыларының колледж туралы жан-жақты мағлұмат алу үшін виртуалды турға баруға, мамандықтар бойынша бейнесабақтарды көру арқылы мамандықтармен танысуға, сондай-ақ болашақ студент ретінде өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін анықтауға арналған тестілеуден өтуге мүмкіндік бар, – дейді Қарағанды теміржол колледжінің директоры Ернұр Магрупбеков.

Облыс бойынша колледждерде 36 жұмыспен қамту және мансаптық даму орталығы жұмыс істейді, онда колледж түлектеріне жыл бойына жүйелі түрде көмек көрсетіледі. Жұмыссыз түлектерді жұмысқа орналастыру үшін «Еңбек нарығы» ААЖ электрондық еңбек биржасы қолданылады.

Для трудоустройства незанятых выпускников используется АИС «Рынок труда», электронная биржа труда.