
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында 15 және 16 қарашада сағат 18:30-да Беларусь драматургі Алексей Дударевтің "Вечер" пьесасы бойынша "Кеш" спектаклінің премьералық көрсетілімі өтеді. Шығарманы Фариза Оңғарсынова қазақ тіліне аударған.
Қоюшы-режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Ол Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыкалық-драма театрында жұмыс істейді.

"Кеш" спектаклі Қарағанды қаздрамтеатрының актері Кеңес Жұмабековтің мерейтойына арналған.
– Спектакльде тек үш адам ойнайды – екі қарт пен кемпір. Олардың тағдыры мен тәжірибесі көрсетілген. Басты рөлдерді біздің театр актерлері – мен, Қайрат Кемалов, Нұржібек Жансүгірова, ал екінші құрамда Бек Киікбаев, Бауыржан Сүлейменов және Шайза Нукина сомдайды, – деді Кеңес Жұмабеков.
Билеттерді Қаздрамтеатр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.