
Қарағандыда қала әкімінің Qaragandy Jastary жастар сыйлығын беру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталды. Қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер өтініш бере алады.
Qaragandy Jastary сыйлығы Қарағандының жас тұрғындарына келесі номинациялар бойынша жастар арасында жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі:
- "Жас ерікті";
- "Жас педагог";
- "Жас спортшы";
- "Жас дәрігер";
- "Жас жұмысшы";
- "Жас Отан қорғаушы";
- "Мәдени-әлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін";
Сыйлықақы мөлшері – 300 000 теңге.
Қатысуға өтінімдер qaragandy_jaspremia@mail.ruэлектрондық мекенжай бойынша осы жылдың 2 желтоқсанында сағат 19.00-ге дейін қабылданады. Белгіленген уақыттан кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
Байқаудың ережесімен мына жерден танысуға болады.
Анықтама телефоны: +7-705-901-93-09 (WhatsApp).
Қарағанды Жастар ресурстық орталығының ақпараты бойынша