Қарағандыда Азия пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Қарағандыда Азия пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Қарағандылықтар Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында сәтті өнер көрсетті. Олар ұлттық құраманың қоржынына алты медаль – екі алтын және төрт қола алып келді. Облыс әкімдігінде параспортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтап, оларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Ядро лактырушы Дастан Мұқашбеков пен жүзуші Диас Кенжебек Азия ойындарының чемпиондары атанды. Жүлдегерлер – жүзушілер Наталья Звягинцева және Роман Потапов, дзюдошы Даяна Федосова, шахматшы Әлімжан Аяпов.

– Біз сіздерді мақтан тұтамыз және тамсанамыз! Сіздер абыроймен өнер көрсеттіңіздкр, еліміздің намысын қорғадыңыздар. Мұндай нәтижелер күш-жігерді, мінезді, өз бетімен жұмыс істей білуді талап етеді. Сіздерге рахмет, сәттілік, жаңа жарқын жеңістер тілейміз! – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.

Аймақ басшысының атынан ол марапаттар табыстады. Бірінші орын үшін сыйлықақы спортшыға және оның жаттықтырушысына 1,5 млн теңгені құрайды. Үшінші орын үшін – 750 мың теңгеден.

Параспортшылар олардың жетістіктері мүгедектігі бар басқа адамдарға үлгі бола алады деп санайды. Дастан Мұқашбеков пен Даяна Федосова ауруына байланысты төрт қабырғаға қамалмауға, өзіне сенуге және өмірде өз жолын табуға шақырды.

Дастан Мұқашбеков Азиадада өзінің рекордын растады – 15,74 м. Ол Париждегі 2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Он тоғыз жастағы Диас Кенжебек Азия пара ойындарында алтынға қол жеткізіп қана қоймай, қос рекорд орнатты. Олимпиадалық лицензия үшін нормативке дейін оған тек бір секунд жетіспейді.

– Азиадада біз тұғырға шығуды міндет етіп қойдық, ал Диас супер тапсырманы орындады. Ол өзіне сенімді, еңбекқор, жауапты. Менің ойымша, бәрі ойдағыдай болады, Паралимпиада ойындарына жолдама болады, – дейді оның жаттықтырушысы Светлана Кучина. – Шақырылған жаттықтырушының қатысуымен оқу-қалпына келтіру жиынын жоспарлап отырмыз. Біз техниканы түзетеміз. Бізде 2025 жылы Сурдлимпиада ойындары да бар. Онда норматив орындалды, біз дайындаламыз.

Қарағандылық Наталья Звягинцеваның бұл Азия пара ойындарында жеңіп алған үшінші қола медалі. Параспортта жүзуші 20 жылдан астам айналысып келеді, бірақ әлі де тоқтамақ емес. Ол үлкен жетістіктер үшін тынымсыз жаттығатынын жеткізді.

– Натальяның ең жоғары марапаты – 2017 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатындағы алтын медалі. Ол жүзуден әлем чемпионы ретінде Қазақстан спортының тарихына енді, оған дейін бұл спорт түрінен жеңімпаздар болған жоқ, – деп атап өтті жаттықтырушы Наталья Манохина. – Азиадаға қарқынды дайындалды. Қазір қалпына келу жүріп жатыр, ал алда жаңа белестер күтіп тұр. Алда Еуропа ашық чемпионаты, Паралимпиада ойындары өтеді.

Шахматшы Әлімжан Аяпов үшін бұл алғашқы Азия ойындары болды. Ол командалық жарыстарда қола жүлде жеңіп алды.