Қарағандылық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен турнирде қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен турнирде қола жүлдеге ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Аслан Құрманғалиев Сенецте (Словакия) өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды.

16 жастағы қарағандылық WTT Youth Contender Senec 2023-те 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші нәтиже көрсетті.

Жуырда Алан Венгриядағы WTA Youth Contender Szombathely 2023 турнирінде күміс және қола медаль иегері болды.

Ол 19 жасқа дейінгі топта қола, ал 17 жасқа дейінгі санатта күміс жүлдеге ие болды.

ҚР Үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша