Республикалық байқауда көру қабілеті бұзылған оқырмандар өздерінің сүйікті кітабы туралы эссе әзірледі

Республикалық байқауда көру қабілеті бұзылған оқырмандар өздерінің сүйікті кітабы туралы эссе әзірледі

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана көру қабілеті бұзылған оқырмандар арасында "Менің сүйікті кітабым" атты республикалық эссе байқауын ұйымдастырды. Оған Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және еліміздің 12 облысынан 53 адам қатысты.

"Біздің кітапхана мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін облыстық және республикалық конкурстар өткізеді. "Менің сүйікті кітабым" республикалық эссе байқауы Брайль шрифтін меңгерген 18 жастан асқан көру қабілеті бұзылған пайдаланушылар арасында өтті. Оны Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қолдады. Конкурстық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы бағалады", – деді арнайы кітапханада.

Бірінші орынды Жамбыл облысының тұрғыны Мария Нисонова "Менің сүйікті кітабым – Күнкей қыз" эссесі үшін иеленді. Екінші орын – Жетісу облысынан Қарлығаш Бекенова "История одной судьбы" эссесімен. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мария Серба, ол Сэр Терри Пратчеттің кітабына негізделген "Кот без дураков" эссесін жазды.

– Мария Нисонова қазақ тілінің нюанстары мен қыр-сырын жеткізіп, мемлекеттік тілде "Менің сүйікті кітабым – Күнкей қыз" эссесін жазды. Сондықтан біз оған бірінші орын бердік. Қарлығаш Бекенова сюжетті өз тағдырымен байланыстыра отырып, орыс тілінде "Истоия одной судьбы" атты әдемі әңгіме дайындады. Ол оны жалғастырып, өзі туралы кітап жазатынын айтады. Осындай қызықты жұмыстар болды, – дейді қазылар алқасының төрағасы, облыстық Ortalyq Qazaqstan газетінің журналисі Ерқанат Кеңесбекұлы.

Ынталандыру номинациялары да қарастырылды. Мәселен, "Көркем сөз шебері" санаты Шахтинск қаласынан келген Мейрам Әбеновке "Ұшқан ұя" эссесі үшін, ал "Алтын қалам" – Қарағандылық Татьяна Елашқа "Кітап – ақылға азығы" эссесі үшін берілді.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.