
Қарағандыда полиатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті (жабық үй-жайлардағы жазғы президенттік көпсайыс). Қарағанды облысы тұғырдың екінші орнына орналасты.

Жарысқа еліміздің тоғыз облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан 150 спортшы қатысты. Біздің аймақтың намысын 55 спортшы қорғады.
Төрт күн бойы Қазақстанның ең мықты спортшылары арасында қызу күрес жүргізілді. Көпсайысшылар 12 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары 11 жас тобында бақ сынасты.

Жарыстың бірінші күні спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіруге қатысты (спринт – 60 м), екінші күні суда жүзді (жас санатына байланысты 50–100 м еркін стильде), үшінші күні пневматикалық мылтықтан атып, төртінші күні төзімділікке жүгірді (жас санатына байланысты 500 – ден 2000 м-ге дейін).
Командалық есепте бірінші орынды Қостанай облысы, екінші орынды Қарағанды облысы және үшінші орынды Алматы иеленді.

БЖСМ арасында командалық есепте Ақтау қаласының желкенді спорттан БЖСМ-і бірінші, Алматы қаласындағы № 8 БЖСМ екінші, Қарағанды облысының БЖСМ үшінші орынды иеленді
Командалық есепте спорт клубтары арасында бірінші орынды Қостанай жекпе-жек СК, екінші орынды Ақтөбеден "Горняк" СК және үшінші орынды Қарағанды облысының "ЖСШМ олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша" СК иеленді.

Қарағанды облысының спортшылары жеке біріншіліктерде барлығы 18 медаль жеңіп алды, оның ішінде алты алтын бар.
Жарыстың ең егде қатысушысы, 77 жастағы қарағандылық Виктор Горохов жеке біріншілікте бірінші орынды иеленді.
– Мен полиатлоннан 2017 жылғы Әлем чемпионымын. Аптасына үш рет жаттығамын. Ал кешке кейде жүгіремін. Атыспен де айналысамын, қазір мылтықтан тапаншаға ауысып жатырмын, – деді спорт ардагері Виктор Горохов.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша