
Қарағанды облысының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қамқорлығындағы балалар Turkestan music Festival 2023 халықаралық фестивалінде вокалдық және хореографиялық нөмірлерді ұсына отырып, үш бірінші және екінші орынға ие болды. Шығармашылық байқауға Қазақстан мен шет елдердің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам қатысты.

Дарынды бишілер мен орындаушылар ұжымы екі күн бойы Түркістан конгресс-холлында бақ сынасты. Біздің облысымыздың атынан Қарағанды облысының № 2 және Қарағанды облысының балаларына арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қамқорлығындағылар қатысты. Олар өз нөмірлерін екі номинация бойынша ұсынды – "Вокал" және "Хореография".
Қарағандылықтар үш бірінші және үш екінші орынға ие болды. Бұл келесі жылы Түркия мен Дубайда өтетін екі халықаралық фестивальге бірден жолдама алуға мүмкіндік берді.

– Қатысушыларды халықаралық фестивальге жібермес бұрын іріктеу турын өткіздік, – дейді Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Асулан Мекентай. – Біздің қызмет алушылар талантты. Олар әрдайым қалалық және облыстық байқауларға қатысады. Алайда көшпелі фестивальде алғаш рет өнер көрсетті. Біздің балаларымыз даму ерекшеліктері барына қарамастан, олар ақыл-ойы сақталған балалармен тең дәрежеде жарысты. Барлығы өте риза. Қойылым мен жеңістен алған эмоциялары мен қуаныштарында шек жоқ!
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша