Бұқар Жырау ауданында мәдениет үйлері жөнделді

Бұқар Жырау ауданында мәдениет үйлері жөнделді

Бұқар Жырау ауданында үш мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе, Шешенқара ауылдары мен Қушоқы кентіндегі ғимараттар жаңартылды.

Жергілікті тұрғындар ауылдық клубтарды жөндеуді осыған дейін сұраған болатын. 

Ақтөбе ауылының мәдениет үйінде шатырдан су ағып, санитарлық тораптар мен гардероб болмаған.

Уақытылы қаржыландырудың арқасында ғимараттың шатыры жаңартылды, көрермендер залында еден ауыстырылды, ішкі қабырғалар тегістелді, дәретхана мен киім-кешек бөлмесі жабдықталды, жаңа ішкі және кіреберіс есіктер орнатылды. Ғимарат сырты металлосайдингпен қапталған. Жақын арада МҮ жылыту үшін блок-модульдік қазандық орнатылады.

Осындай жұмыстар Қушоқы кентінің мәдениет үйінде де жүргізілді. Ал Шешенқарада клубқа іргелес аумақ абаттандырылды. Онда қырлы тас төселді, орындықтар, қоқыс жәшіктер орнатылды, қоршау мен жарықтандыру пайда болды.

– Тұзды ауылында бұрынғы асхананың ғимараты мәдениет үйіне айналдырылды, ол көп жылдар бойы бос тұрды. Онда электр қуатынан бастап абаттандыруға дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің директоры Қазбек Талашев. – Бүгінгі таңда блок-модульдік қазандық орнатылуда.

Сондай-ақ Бұқар Жырау ауданында Сарыарқа ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін қасбет қабырғалары мен тіректерді кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілді. Жаңа ғимарат та жеке модульдік қазандықпен жылытылады.