Қарағанды облысының полицейлері 300-ден астам оқу орнының оқушыларымен кездесті

Қарағанды облысының полицейлері 300-ден астам оқу орнының оқушыларымен кездесті

Қарағанды облысының полицейлері 300-ден астам оқу орнына барды. Олар 300-ден астам мектептің, 35 колледждің және 7 университеттің шәкірттерімен кездесті.

Полицейлердің басты міндеті – балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

"Мектеп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында оқу орындарында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу", "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама", "Буллинг", "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі" атты дәрістер өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді.

Оқу орындарына іргелес аумақтарда 261 құқық бұзушылық анықталды.

polisia.kz