Қарағандылық қылышшы семсерлесуден Әлем Кубогында алтын алды

Қарағандылық қылышшы семсерлесуден Әлем Кубогында алтын алды

Қарағандылық Артем Саркисян семсерлесуден Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иегері атанды. Халықаралық біріншілік Бағдадта (Ирак) өтті.

Ұлттық құраманың мүшесі Артем Саркисян қылышшылар бағдарламасында үздік атанды.

Жақында қарағандылық семсерлесуші Қытайдағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Дүниежүзілік Универсиадада үшінші орынға ие болды. Ал наурыз айында Италияның Падуя қаласында жеке жарыстарда Артем Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ересектер арасында семсерлесуден әлем Кубогының бірінші медалі – күмісті жеңіп алды. Бұған дейін ірі халықаралық жарыстардың наградаларын тек ерлер қылышы мен әйелдер қылышының өкілдері әкелген.

Енді міне, Бағдадта алтын алды. Бұл да еліміздің спорттық шежіресіндегі алғаш алтын.

Жаттықтырушы – Виктор Егоров.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы