Қарағанды облысының қоймаларында көмір жеткілікті

Қарағанды облысының қоймаларында көмір жеткілікті

Қарағанды ​​облысының тұрғындарына көмір 55 пунктте сатылуда. Облыс бойынша қатты отын қоры 49,8 мың тоннаны құрайды.

Қазіргі таңда көмір сататын орындарда кезек жоқ, дейді сала бөлімінің басшысы Дарын Бұлқайыр.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ күн сайын облысқа 35 вагон жөнелтеді. ХМК ауданындағы негізгі көмір сату нүктесінде күніне 120-ға жуық көлік тиеледі.