Қарағанды облысының оқушылар командасы республикалық астротурнирде үшінші орын алды

Қарағанды облысының оқушылар командасы республикалық астротурнирде үшінші орын алды

Алматыда М. Әбділдин атындағы оқушылардың "Адам, жер, ғалам" атты қазақстандық астротурнирінде Қарағанды облысының құрамасы командалық есепте үшінші орын алды. Оған барлығы 10 команда қатысты.

"Озат "Ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Мәмәли Тоқтамұрат, Анель Шахманова, Ұлжан Жарылқаған, Аружан Дүйсембаева, Мадина Мейрамбек физика пәнінің мұғалімі Марат Мұртазаевтың жетекшілігімен қазақ тіліндегі астротурнирде үшінші орын алды.

– Біздің команда AstrOzat деп аталады. Команда капитаны-Мадина Мейрамбек. Ойындар өте қызықты болды. Біздің команда 12 тақырып бойынша өз зерттеулері мен жұмыстарын ұсынды. Балалардың астротурнирге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Болашақта өңірімізге алтын сыйлаймыз деп үміттенеміз, – дейді Марат Мұртазаев.

Сондай-ақ, қарағандылықтар астротурнир тақырыптарын цифрландыру бастамасы үшін "Қызықты идеялар шеруі" номинациясында жеңіске жетті.

– Біздің мектептің 8-сынып оқушысы Мәмәли Тоқтамұраттың идеясы қазылар алқасына өте ұнады. Ол веб-сайтты ашуды ұсынды. Мәмәли астрономиялық каталог құру арқылы өз идеясын қорғады. Мұндай конкурстар қажет, өйткені ғарыш – біздің бүгініміз бен болашағымыздың бір бөлігі, – деп есептейді Марат Мұртазаев.

Астрономиялық турнир-бұл елдің талантты және астрономияға құмар оқушылары қатысатын дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара.